Сурет: ашық дереккөзден
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі бесінші турында «Галатасарай» өз алаңында Англияның «Астон Вилла» клубын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ыстанбұлдағы «RAMS Park» стадионында өткен матчта жалғыз голды 77-минутта қосалқы құрамнан шыққан Дениз Гүл соқты.
Бірінші таймда есеп ашылмады: қарсыластар бір-бірінің қорғанысын бұзуға тырысқанымен, нәтиже болмады. «Астон Вилла» допқа көбірек иелік етті, алаң иелері де шабуылдарын үдетті.
Екінші таймда түркиялық клубтың шабуылы жеміс берді. 62-минутта алаңға қосылған Дениз Гүл 77-минутта бұрыштама добынан кейінгі шабуылда допты қақпаға бағыттап, командасына жеңіс әперді.
Осылайша «Галатасарай» ойын соңына дейін басымдығын сақтап, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Еске салайық, 24 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасы УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.
Мазмұнға өту


