Басты тақырып

Астанада монша кешенінен өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Сурет: 112

Астанадағы бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырында өрт шығып, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыарқа ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан ғимараттың шатырында ауа сорғыш жүйесінің жылу оқшаулағышы мен электр кабельдері тұтанған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады.

«Сарыарқа ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырында ауа сорғыш жүйесінің жылу оқшаулағышы мен электр кабельдері жанған. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады», делінген хабарламада.

Құтқарушылар ғимараттың бірінші қабатындағы дәмхана мен бильярд залында болған келушілерді эвакуациялады. Нысан электр желісінен ажыратылған соң өңірлік электр желілік компаниясының мамандары өртті сөндірді.

Көп оқылғандар