Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін жетеді, ал батыс пен шығыста жаңбыр жауып, кей жерлерде жел күшейеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада жауын-шашын күтілмейді: түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C, жел 9-14 м/с. Алматыда да жауын-шашынсыз: түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C. Ақтауда жаңбыр жауады, жел екпіні 15-20 м/с, түнде +7…+9°C, күндіз +9…+11°C.
Ақтөбе мен Атырауда бұлтты, жаңбыр жауады. Ақтөбеде түнде +2…+4°C, күндіз +5…+7°C; Атырауда түнде және күндіз +3…+5°C.
Жезқазған, Қарағанды, Қонаев, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған, Тараз және Түркістанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Көкшетауда түнде -2…-3°C, күндіз +1…+3°C. Қостанайда түнде -1…-3°C, күндіз +2…+4°C. Петропавлда түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.
Семейде жауын-шашынсыз, түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C. Өскеменде жаңбыр аралас қар жауады, түнде +1…+3°C, күндіз +5…+7°C.
Оралда жауын-шашынсыз, түнде және күндіз 0…+2°C, жел екпіні 15-20 м/с.
Мазмұнға өту


