Спорт

Қазақстан әйелдер гандбол құрамасы Азия чемпионатында Үндістанды жеңді

Сурет: Olympic.kz

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының топтық кезеңінде Үндістанды 33:27 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл — турнирдегі екінші жеңіс. Алғашқы ойында қазақстандық гандболшылар Аустралия құрамасын жеңген болатын.

В тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы 25 қарашада Өзбекстан спортшыларымен кездеседі.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Көп оқылғандар