Categories Көңіл ашар

«Кітап оқитын ұлт» жобасы: 1,5 миллион оқырман, 7 мың іс-шара

Ұлттық кітап күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының қорытындысы жарияланды. Бүкіл ел бойынша өткен бастама оқырмандардың белсенділігін арттырып, кітапханалардың жұмысын жаңа деңгейге көтерді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында 1,5 миллионнан астам адам кітап оқуға тартылды. Еліміздің әр өңірінде 7 мыңнан аса іс-шара өткізіліп, кітапханалардың кітап қоры 200 мың данаға толықты.

«Біздің мақсат – кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру. Жобаның нәтижесі көңіл көншітеді, енді осы бағытта жұмыс жалғасады», – деді Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Айгүл Мұқажанова.

Батыс Қазақстан облысында да жоба белсенді жүргізілді. Өңірдегі кітапханалар 50 мыңнан астам жаңа кітаппен толықтырылып, 300-ден аса әдеби кеш, кездесу және байқау ұйымдастырылды.

Ұқсас жазбалар

Astana Half Marathon 2026: бесінші мерейтойлық жарыста шетелдіктер рекорды жаңарды

Астанада бесінші рет өткен Astana Half Marathon жарысы 7 000 қатысушыны жинап, шетелдік спортшылар саны…

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Елордада дәстүрлі Astana Half Marathon жарысы өтті. Жарыс аясында Funduk Team инклюзивті командасының 10 экипажы…

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында сынға түседі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесімен «Ролан Гаррос» финалында чехиялық-америкалық жұпқа қарсы ойнайды.