Сурет: Egemen Qazaqstan
Прокурорлар бизнес өкілдеріне кедергі келтірген 30 табиғи монополия субъектісін анықтап, оларды жауапқа тартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бизнестің дамуы ашық әрі түсінікті қағидалардан басталады. Алайда прокурорлар жүргізген тексеру жекелеген табиғи монополия субъектілерінің кәсіпкерлер мен инвесторларға әкімшілік кедергілер жасағанын көрсетті.
Прокурорлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп табиғи монополия субъектілерінің қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.
Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасыру фактілері анықталды.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты. Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау ерекше бақылауда. Құқықтары бұзылған немесе әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторлар +7‑708‑525‑50‑81 телефоны немесе 115 Call‑орталығы арқылы хабарласа алады», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ақмола облысында кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен ММА жаттықтырушысы ұсталды.
Мазмұнға өту
