Сурет: Egemen Qazaqstan
Израиль Қорғаныс армиясы Газа секторындағы ХАМАС ұйымына тиесілі нысанға әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ЦАХАЛ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған нысанда қару-жарақ бөлшектері өндіріліп, онда Израиль әскери қызметшілері мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауға дайындалып жатқан бірнеше топ мүшесі болған.
Соққы нәтижесінде нысан толық жойылды. ЦАХАЛ өкілдерінің айтуынша, операция алдында бейбіт тұрғындарға төнетін қауіпті азайту үшін жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілер қолданылып, әуеден барлау жүргізілген.
Израиль Қорғаныс армиясы Газа секторындағы тікелей қауіптердің алдын алу мақсатындағы әскери әрекеттерін жалғастыратынын мәлімдеді.
Мазмұнға өту
