Сурет: Emerging Europe
Альмерия провинциясында бейсенбіден бері жалғасқан ірі орман өртінде алғаш рет оң өзгерістер байқалды. Билік өрт сөндірушілердің негізгі өрт ошағын бақылауға алғанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт шамамен 7 мың гектар жерді шарпып, өрт шебінің ұзындығы 40 шақырымнан асты. Осыған байланысты эвакуацияланған жүздеген тұрғын үйлеріне қайта оралуда.
Өңірлік денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Антонио Санстың мәлімдеуінше, 600-ден астам адам үйлеріне қайтқан. Қалған 1,5 мыңға жуық эвакуацияланған адам қонақүйлер мен жалдамалы баспаналарда кемінде тағы бір тәулік болады, олардың шығынын Мадрид көтереді.
Дүйсенбі күні Альмерияға Испания премьер-министрі Педро Санчес келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, өрт басталғалы бері хабарсыз кеткен 23 адамды іздеу жалғасуда.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аптап ыстық кезінде электр желісінің үзілуінен шыққан. Жалынды тек сенбі күні ауа райы жақсарғаннан кейін тұрақтандыру мүмкін болды. Бұған дейін Испаниядағы орман өртінен 12 адам қаза тапқаны хабарланған.
Мазмұнға өту
