Сурет: ашық дереккөзден
Испанияның Сеута қаласындағы Бенитес жағалауындағы мигранттар лагерінде наразылық білдірушілер өрт шығарды. Бұл туралы Bild басылымына сілтеме жасап, Egemen.kz хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Лагерь маңында наразылық акциялары бірнеше күн бойы жалғасуда. Бұған дейін жергілікті тұрғындар Қызыл Крест көліктерінің мигранттарға азық-түлік пен су жеткізуіне кедергі жасамақ болған.
Кеше наразылық білдірушілер от жағып, мигранттардың заттары мен мүлкін отқа лақтыра бастады. Полиция қақтығысты тоқтату үшін көз жасаурататын газ қолданды.
Мигранттар да күш қолданған: олар испан әскери көлігіне тас лақтырып, бір әскери қызметші жеңіл жарақат алған. Осы оқиғадан кейін Марокконың 12 азаматы ұсталды.
