Сурет: видеодан алынған кадр
Испанияның Памплона қаласында өткен Сан-Фермин фестивалінде бұқа жарысы кезінде 13 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жыл сайынғы мереке аясында қала көшелеріне арнайы өсірілген жауынгерлік бұқалар жіберіледі, ал қатысушылар олармен бірге жүгіреді. Биылғы жарыс сегіз күндік фестивальдің бесінші кезеңі болды.
Бұл дәстүр әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристерді тартқанымен, қауіпсіздік тұрғысынан ең қауіпті шаралардың бірі саналады. Жарыс кезінде қатысушылардың жарақат алып, сүйек сындыру жағдайлары жиі кездеседі.
Дегенмен, Сан-Фермин фестивалі Испаниядағы ең танымал мәдени іс-шаралардың бірі болып қала береді.
Мазмұнға өту
