Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Испания құрамасы FIFA-дан 50 млн доллар көлемінде жүлдеақы алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
FIFA жүлде қорының мөлшерін өткен жылдың желтоқсанында жариялаған болатын. Алынған қаражат ойыншылар мен жаттықтырушылар штабы арасында бөлінеді. Сондай-ақ оның бір бөлігі Испаниядағы футболды дамытуға бағытталуы мүмкін.
Финалда жеңілген Аргентина құрамасы 33 млн доллар алады. Үшінші орын үшін Францияны жеңген Англия 29 млн доллар, ал төртінші орын алған Франция 27 млн доллар иеленеді.
Ширек финалға дейін жеткен құрамалардың әрқайсысына 19 млн доллар, 1/8 финалда жарыстан шыққан командаларға 15 млн доллар, плей-оффтың алғашқы кезеңінде жеңілгендерге 11 млн доллар, ал топтық кезеңнен аса алмаған құрамаларға 9 млн доллар беріледі.
Бұдан бөлек, әлем чемпионатына жолдама алған әрбір ұлттық құрама турнирге дайындық шығындарын өтеу үшін FIFA-дан 1,5 млн доллардан қаржы алған.
Мазмұнға өту
