Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атудан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев үшінші орынды иеленді. Ол финалда 348.3 ұпай жинады.
Аталған бағдарламада алтын мен күміс медальді Қытай өкілдері жеңіп алды.
Бұған дейін Ислам Сәтпаевтың 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан іріктеу кезеңіне қатысып, финалға шыққанын хабарлаған едік.
