Сурет: istockphoto.com
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи Ормұз бұғазының кеме қатынасы үшін толық жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Резаидың айтуынша, Иран алдағы күндері бұғазға кіруге шектеу қойылған аймақ құрылғанын жариялайды. Тегеранмен алдын ала келісімсіз бұл аумаққа кірген кез келген кеме Иранның санкциялық тізіміне енгізіледі.
Иран өкілі сондай-ақ бұғаз арқылы өтуге тырысқан америкалық кемелерге әскери соққы жасалатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Ираннан соңғы ондаған жылда болған қақтығыстар, шабуылдар мен наразылықтар салдарынан келтірілген шығын және адам өлімі үшін өтемақы төлеуді талап етті. Тегеран бұған жауап ретінде америкалық әскери қызметшіні өлтірген немесе тұтқынға алған азаматтарға 30 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындайтынын хабарлады.
