Әлем

Иран мен Оман Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы қауіпсіздігін талқылады

Сурет: AlJazeera

Иран мен Оман Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша бірнеше кезеңді келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаидің айтуынша, кездесулер жұма және сенбі күндері екі елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өткен.

Тараптар Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары мен практикалық тетіктерін, сондай-ақ Иран мен Оманның егемендік құқықтарын ескеру мәселелерін талқылаған.

Эсмаил Багаи бұл бағыттағы техникалық консультациялар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Бұған дейін бірқатар халықаралық ұйымдар Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Ормұз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасының көлемі 95%-ға қысқарғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, жуырда Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы ережелерін бұзған екі мұнай танкерін жарып жібергендерін мәлімдеген еді.

Көп оқылғандар