Басты тақырып

Инвестор құқығын қорғау: Бектенов Президент тапсырмасын іске асыру жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында Президенттің тапсырмаларын орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бектенов инвесторлардың құқығын қорғау – экономикалық дамудың маңызды факторы екенін атап өтті. Ол бизнес өкілдерінің шағымдарын жедел қарастыру қажеттігін ескертті.

«Әрбір инвестициялық жобаның сүрінбей жүзеге асуы – біздің басты міндетіміз. Инвесторлардың сенімін жоғалтпау үшін барлық кедергілерді жою керек», – деді премьер-министр.

Кеңес барысында инвесторлардың құқығын бұзу фактілері, оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру мәселесі көтерілді.

Бектенов тиісті министрліктерге нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Келесі кездесуде атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалады.

Көп оқылғандар