Сурет: Egemen Qazaqstan
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірханға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 123-бабының 1-бөлігі бойынша («Сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауға мәжбүрлеу») кінәлі деп танылды. Оған 1 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6 487 500 теңге айыппұл салынды.
Іс жабық сот отырысында қаралды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2026 жылғы сәуірде Данияр Мейірхан тексеру аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілген болатын. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және әйел әріптесіне қатысты сексуалдық сипаттағы орынсыз әрекеттер жасады деген айып тағылған. Сонымен қатар оның 20 бағынышты қызметкері ұжымдық арыз түсірген.
2026 жылғы мамырда Ішкі істер министрлігі сталкинг дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлаған еді.
Мазмұнға өту
