«Gosauda» дауы: халық сенген блогерлердің жауапкершілігі бар ма?

Әлеуметтік желіде «Gosauda» атты компанияға қатысты дау қыза түсті. Ғалымбек бастаған қосымша бүгінде «қазір жоқ» компанияға айналғанымен, кезінде оны елге танымал, халық «құдайындай сенген» блогерлер жаппай жарнамалаған.

Ирина Раззах есімді қолданушы өз парақшасында:

«Менің шақшадай басым жеткен ойға, олардың депутат болатындай басы жетпеген бе? Егер сол блогеріңіздің жарнамасына сеніп ақша салған болсаңыз, алдымен соған барып айтыңыз. Егер тағы да әдеттегідей үнсіз қалса, арыз жазғанда блогердің де аты-жөнін, парақшасын көрсетіп салыңыз. Бұл компаниядан Мейіржан сияқты үлесін алған болса, ол да сіздің алдыңызда жауапты»

– деп пікір білдірді.

Қазір қоғамда басты сұрақ — жарнаманы ақша үшін жасаған блогерлер де алданған жұрт алдында жауап беруі керек пе?

Бір тарап блогерлерді халықты адастырды деп кінәлап отыр.Aл енді бірі олар да «жұмысын істеді, компанияның заңсыз екенін білмеді» дейді.

Ұқсас жазбалар

LRT-мен 180 мың жолаушы тасымалданды: жаңа көлік астаналықтарға ұнады ма?

Астанадағы LRT жүйесі іске қосылғаннан бері 180 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

14–17 жастағы қыздарға АПВ вакцинасы: кестеге толықтыру енгізілді

Қазақстанда 14–17 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцина салына бастайды.

Президент Қытай және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер министрлерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.