Сурет: Egemen Qazaqstan
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Towngas және Full Vision Capital компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар күн энергетикасын дамыту, электр энергиясын сақтау жүйелерін енгізу, экологиялық таза авиациялық отын өндіру және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу мәселелерін талқылады.
Кездесуде Alatau City аталған технологияларды алғаш енгізетін пилоттық алаңдардың бірі ретінде қарастырылды. Шатырларға күн электр стансаларын орнату, деректерді өңдеу орталықтары мен стратегиялық нысандарды тұрақты электрмен қамтамасыз ету шешімдерін іске асыру жоспарлануда.
Мазмұнға өту
