Қаржы

Goldman Sachs: Таяу Шығыстағы шиеленіс Brent мұнайын 120 долларға жеткізуі мүмкін

Сурет: Egemen Qazaqstan

Goldman Sachs сарапшылары жеткізу тізбегіндегі іркілістер сақталса, Brent маркалы мұнайдың бағасы биылғы жылдың төртінші тоқсанында барреліне 120 доллардан асуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Банк болжамынша, мұндай сценарий Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының бұзылуы жалғасып, Қызыл теңіздегі кеме қатынасы хуситтердің әрекетінен шектелген жағдайда жүзеге асуы ықтимал.

Goldman Sachs-тың негізгі болжамы бойынша, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақтанса, Brent мұнайының орташа бағасы 2026 жылдың төртінші тоқсанында барреліне 80 доллар, ал 2027 жылы 75 доллар деңгейінде болады.

Сарапшылардың ескертуінше, егер өңірдегі шиеленіс күшейіп, Парсы шығанағынан мұнай жеткізу көлемі соғысқа дейінгі деңгейдің 45%-ынан төмен түссе, мұнай бағасы күрт өсуі мүмкін.

Көп оқылғандар