Categories Қаржы

Гибрид көліктер дауы: кеше заңды болса, бүгін неге айыппұл салынып жатыр?

Қазақстанға Қытайдан BYD Destroyer 05 гибрид көлігін әкелген азаматтар мен мемлекеттік кірістер органдары арасында дау туындады. Көлік иелері 2025 жылдың басында кедендік рәсімдеуден өткеніне қарамастан, қазір оларға айыппұл салынып, көліктері тәркілену қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәселе гибрид көліктердің кедендік баж салығын есептеу тәртібіне қатысты. Бұрын мұндай көліктерді әкелу кезінде жеңілдіктер қарастырылған еді, алайда биылғы жылдың наурыз айынан бастап ережелер өзгерді. Енді кеден органдары ескі тәртіппен рәсімделген көліктерді де қайта тексеріп, қосымша алымдар талап етуде.

«Біз көлікті заңды түрде әкелдік, барлық құжаттарымыз бар. Бірақ қазір бізден 2 миллион теңгеге жуық қосымша ақы төлеуді талап етіп отыр. Егер төлемесек, көлікті тәркілейді деп қорқытады», — дейді көлік иесі Азамат Серікқалиев.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды түсіндіріп, заңнамаға өзгерістер енгізілгенін айтады. Олардың мәліметінше, гибрид көліктерге қатысты жаңа ережелер 2025 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген, сондықтан ескі тәртіппен рәсімделген көліктер де қайта қаралуы тиіс.

Ал көлік иелері бұл шешімді даулап, сотқа жүгінуге ниетті. Олардың айтуынша, мемлекеттік органдардың кінәсінен туындаған мәселе үшін азаматтар жауап бермеуі керек. Қазіргі уақытта даулы жағдайға тап болған 30-дан астам көлік иесі бірігіп, құқық қорғау ұйымдарына хабарласқан.

Ұқсас жазбалар

Доллар бағамы 470 теңгеден асты: қазақстандықтар не күтеді?

Қазақстанда доллардың ресми бағамы 470 теңгеден асты. Бұл соңғы айлардағы ең жоғары көрсеткіш. Мамандар теңгенің…

Ауылға дипломмен баратындар азайды: дәрігер мен мұғалім тапшылығы шиеленісуде

Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушылар санының азайғанын хабарлады. Бұл ауылдарда дәрігер мен мұғалім…

Су үнемдеу бойынша Орталық Азияда көш бастадық: әр тамшы есепте

Қазақстан Орталық Азияда суды ең үнемді пайдаланатын ел атанды. Бұл жетістік халықаралық сарапшылар есебінде жарияланды.