Германиядағы жантүршігерлік оқиға: Лейпцигте көлік адамдар тобына соғылды

Германияның Лейпциг қаласында жеңіл автокөлік адамдар тобына соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше күндіз болған. Жүргізуші басқаруды жоғалтып, жиналған жұрттың арасына кіріп кеткен.

Қайғылы жағдай салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қазір жүргізушінің кінәсін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол рульде ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 20-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың…

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы мен Черногория президенті шағын құрамда келіссөз өткізді.

Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды.