Сурет: TASS
Газа секторында соңғы жеті күн ішінде тыныс алу жолдары мен тері ауруларына шалдыққандар саны 18 мыңнан асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
БҰҰ мәліметінше, науқастардың көпшілігі желшешек, паразиттік және бактериялық инфекциялардан зардап шеккен. Осы кезеңде дәрігерлер шамамен 240 мың медициналық тексеру жүргізген.
Алайда аймақта дәрі-дәрмек пен медициналық материалдардың жетіспеушілігі, сондай-ақ жанармай бағасының қымбаттауы медициналық көмек көрсету мүмкіндігін шектеп отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль енгізген блокада мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі гуманитарлық қиындықтар туғызып жатқанын хабарлады.
Осыған байланысты БҰҰ халықаралық гуманитарлық құқық талаптарына сәйкес Газа секторы тұрғындарына гуманитарлық көмекті күшейтуге шақырды.
Мазмұнға өту
