Сурет: Жайық Пресс
Уральск қаласында аялдаған француз саяхатшылары құжаттары мен ақшасы салынған әмияндарының жоғалғанын байқаған. Өз бетінше іздеу нәтиже бермеген соң, олар полицияға жүгінген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер шетелдік қонақтардың өтінішіне жедел жауап беріп, бірден іздеу жұмыстарына кірісті.
Олар саяхатшылар болған жерлерді тексеріп, кафедегі бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарады.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі мұқият әрекеттерінің арқасында әмиян табылып, иелеріне қайтарылды. Оны ешкім ұрламағаны анықталды: саяхатшылар әмиянды барған жерлерінің бірінде ұмытып кеткен, ал полицейлер оны тапқан.
Құжаттары мен ақшалары табылғанына қуанған француз қонақтары қазақстандық полицейлерге шын жүректен алғыс білдірді.
— Қазақстан полициясына паспорттарымызды іздеуге көмектескені үшін рахмет. Құжаттар жүк көлігінің ішінде болып шықты, полиция қызметкерлері оларды табуға көмектесті. Олар өте жедел және тиімді жұмыс істеді. Біз оларға шексіз ризамыз, — деп алғыс білдірді шетелдік қонақтар.
Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің бейтаныс қалада қалған әрбір адамға, соның ішінде шетелдік қонақтарға да жедел көмекке келуге дайын екенін тағы бір дәлелдеді.
