Сурет: AlJazeera
Франциядағы Фонтенбло маңында ірі орман өрті шықты. От 800 гектардан астам жерді шарпып, Водуэ ауылының тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қою түтін мен өрт қаупіне байланысты A6 автомагистралінің бір бөлігі жабылды. Пойыздар қозғалысы да тоқтатылды.
Өртті сөндіруге 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Францияның оңтүстігінен авиация көмекке тартылды. Билік өртті «ерекше ауқымды» деп бағалап отыр.
Францияда аптап ыстық сақталып, үш атом электр станциясы уақытша жұмысын тоқтатты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері өртенген орман алқабы өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Мазмұнға өту
