Әлем

Францияда терактіге дайындалған алты күдікті ұсталды

Сурет: Report

Франция полициясы Париж маңындағы Сарсель коммунасында терактіге дайындалған алты адамды ұстады. Бұл туралы елдің Ұлттық терроризмге қарсы прокуратурасы (PNAT) мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның ақпараты бойынша, ұсталғандардың барлығына қылмыстық топ құрамында қарақшылық жасағаны, сондай-ақ қаруды заңсыз тасымалдағаны және өткізгені үшін айып тағылды. Сот отырысынан кейін олар қамауға алынды.

Еске салайық, 12 шілдеде Франция билігі Сарсель ауданынан шамамен 300 адамды эвакуациялаған еді. Бұл француз ішкі барлау қызметінен күдікті көлік туралы ақпараттың түсуіне байланысты болды. Саперлер көліктің ішінен оқталған мылтық пен тапанша тапты.

Көлік синагога маңында тұрғандықтан, тергеу болжамды шабуылдың нысанасы жергілікті еврей қауымдастығы болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр.

Көп оқылғандар