Әлем

Францияда аптап ыстық салдарынан үш ядролық реактор тоқтатылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Францияда электр энергетикалық компаниясы өзендердің жанында орналасқан үш атомдық реактордың жұмысын аптап ыстыққа байланысты тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Гольфеш, Бюже және Ножан-сюр-Сен атом электр станцияларындағы реакторлар уақытша істен шығарылды. Бұл шешім, ең алдымен, өзендердегі су экожүйелеріне келтірілетін зиянды азайту үшін қабылданған.

Қазір Францияда соңғы бір жарым айдағы үшінші аптап ыстық толқыны байқалуда. Синоптиктердің болжамынша, ол келесі аптаның ортасына дейін жалғасады.

12 шілдеде Францияның метеорологиялық қызметі елдің 37 департаментінде аптап ыстыққа байланысты ең жоғары – қызыл деңгейлі қауіп жариялады. Ал 46 департаментте қызғылт сары деңгей енгізілді. 13 шілдеде қызыл деңгейдегі ескерту 37 департаментте күшінде қалып, қызғылт сары деңгей 47 департаментке таралды.

Сонымен қатар, елдің көптеген өңірінде орман өрттері өршіп жатыр.

Көп оқылғандар