Сурет: istockphoto.com
Франция түрмелеріндегі адам саны ел тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Түрмелердегі есептік орын саны – 63 303 болса, бүгінде түзеу мекемелерінде 89 668 адам қамауда отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Le Figaro басылымының мәліметінше, бір жыл ішінде тұтқындар саны 6,5 пайызға өскен. Ал тергеу изоляторлары мен қысқа мерзімді жаза өтеп жатқан мекемелердегі толымдылық 175 пайызға жеткен. Орын тапшылығына байланысты камералардың еденіне 8 мыңға жуық матрас төселген.
2026 жылдың басында Еуропа Кеңесі Франциядағы түрмелердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, мекемелердің адамды шамадан тыс жинайтын орындарға айналу қаупін атап өткен. Ұйым есебінде санитарлық жағдайдың нашарлығы мен зорлық-зомбылық деңгейінің жоғары екені көрсетілген.
Францияның Әділет министрлігі модульдік түрмелерде қосымша 3 мың орын құруды жоспарлап отыр. Оның жартысын 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.
Айта кетейік, Франция Түркиямен қатар түрмелердегі адам тығыздығы ең жоғары елдердің қатарына жатады. Ал АҚШ-та жер телімінің қымбат болуына байланысты су бетіндегі қалқыма түрмелер де жұмыс істейді.
