Шартарап

ФИФА Аргентина құрамасына қатысты тергеу бастады

Сурет: Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін болған жаппай төбелеске байланысты ФИФА Аргентина құрамасына қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жанжал ойын аяқталған соң бірден басталды. Испания құрамасының ауыстырылған жартылай қорғаушысы Родри жеңісті тойлауға жүгірген кезде, аргентиналық Науэль Молина оның қолынан ұрды. Ауызша кикілжің көп ұзамай жаппай төбелеске ұласты.

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредес Испания қорғаушысы Эрик Гарсияның тамағынан ұрып, кейін жас ойыншы Гавиді итеріп жіберді. Ал Тьяго Альмада Гавиді қатты қағып, көгалға құлатты.

Сондай-ақ Аргентина құрамасы бапкерінің көмекшісі Роберто Айяла қарсылас ойыншылардың жағасынан ұстап, куәгерлердің айтуынша, Дани Ольмоға да соққы жасады.

Төбелеске қатысқандарға қатысты шешім алдағы айларда қабылдануы мүмкін.

Көп оқылғандар