Спорт

ФИФА әлем чемпионаты финалы өткен алаңның шөбін 450 доллардан сатады

Сурет: Коллаж: Canva / Kazinform

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 19 шілдеде Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионының газонынан алынған бөліктерді сатуды бастайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ФИФА дүкенінің сайтындағы ақпарат бойынша, алаң шөбінің әр бөлігі 450 доллар (390 еуро) тұрады. Газон бөліктерінің өлшемі 17,5 × 17,5 × 17,5 деп көрсетілген, бірақ бұл көрсеткіштің дюйммен, сантиметрмен немесе миллиметрмен берілгені нақтыланбаған.

Сипаттамада сатып алушыларға акрил қорапшаға салынған, 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипі, матч өткен орын, күн және қорытынды есеп көрсетілген «футбол тарихының шынайы бір бөлшегінің иесі болу» ұсынылады. Жиынтыққа түпнұсқалық сертификаты жазылған USB-тасымалдағыш қоса беріледі.

Сайтта тапсырыстарды жөнелту әлем чемпионатының финалынан кейін ғана басталатыны және әзірге жеткізу тек АҚШ пен Еуропадағы мекенжайларға жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Көп оқылғандар