Әлем

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатына 64 команда қатысуын ұсынды

Сурет: FIFA

Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино болашақ әлем чемпионаттарына қатысушылар санын 64-ке дейін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Инфантиноның айтуынша, жаңа формат туралы шешім 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін қабылдануы ықтимал. ФИФА басшысы 48 команда қатысқан ағымдағы форматтың сәтті өткенін атап өтті. Оның пікірінше, барлық құрлық өкілдері жоғары деңгей көрсетіп, әр аймақтың құрамалары өз мүмкіндіктерін дәлелдеді.

«Барлық әлем елдері әлем чемпионатына қатысу туралы армандай алуы керек. Бұл мүмкіндік тек Еуропа мен Оңтүстік Америка құрамаларына ғана тиесілі болмауы тиіс», деді Джанни Инфантино.

Жаңа жоспар бойынша 64 құрама 16 топқа бөлінуі мүмкін, бұл жағдайда матчтар саны 128-ге дейін артады. ФИФА президенті жаңа формат әр команда үшін ойын санын көбейтпейтінін, топтық кезеңнен кейін әр топтан екі үздік құрама ғана шығатынын айтты. Ұсыныс қабылданса, үздік үшінші орын арқылы плей-оффқа шығу форматы жойылады.

Биылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Ал 2030 жылғы турнир Испания, Португалия, Марокко, Аргентина, Уругвай және Парагвай елдерінде өтеді деп жоспарланған.

Көп оқылғандар