Әлем

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Сурет: istockphoto.com

Еуропалық комиссия балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін реттейтін бірыңғай ережелері бар заң жобасын әзірлеуде. Құжатты жазғы демалыстан кейін таныстыру жоспарланған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, мәселе онлайн-платформалардың балаларға қауіп төндіретінінде емес, олардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарында.

Жаңа ережелер бойынша, 13 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерді тек шектеулі режимде және ата-анасының бақылауымен пайдалана алады. Баланың жасы ұлғайған сайын қолжетімділік кезең-кезеңімен кеңейтіледі.

Шектеулер ең алдымен тәуелділік тудыратын немесе балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін функциялары бар платформаларға қатысты болады.

Көп оқылғандар