Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан тарихына арналған көптомдық академиялық басылымды әзірлеу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға тарихшы ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Олар басылымның тұжырымдамасы мен құрылымын пысықтады. Бұл көптомдық Қазақстан тарихын жаңа деректер мен тәсілдер негізінде жазуға арналған.
«Біз ұлттық тарихты әлемдік ғылымның озық үлгілерімен үйлестіруіміз керек. Бұл еңбек жаңа буынның тарихи санасын қалыптастыруға сеп болады», — деді Ерлан Қарин.
Қазіргі уақытта авторлық ұжым құрылып, әр томның мазмұны айқындалуда. Басылымды бірнеше жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

