Categories Қаржы

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

Сурет: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл қадам ел азаматтарының болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған. Өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.

Министрлік зейнетақы жинақтарының қарапайым депозит немесе күнделікті шығындарға жұмсалатын қаржы көзі емес екенін ескертеді. Оның басты міндеті – азаматтарды зейнет жасында тұрақты табыспен қамтамасыз ету. Бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін.

Жеткіліктілік шектері соңғы үш жыл ішінде қайта қаралмаған. Сондықтан оларды жаңарту зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін балама мақсаттарға (тұрғын үй мен емделу) пайдалану мүмкіндігі толық жойылған жоқ, ол әлі де сақталады.

Зейнетақы мөлшері бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй мен емделу қажеттіліктері үшін жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар зейнетақы шотындағы қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие.

Ұқсас жазбалар

Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті жаңа ең төменгі жеткіліктілік шектерін…

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда май өнімдерінің экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге артып, 963 млн долларға жетті. Бұл…

Салық төлеуді кейінге қалдырғандар ұтты: зейнетақы жинағынан салық алынбайды

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды. Бұрын төленген салық…