Categories Қаржы

Еңбек министрлігі: Курьер болып жұмыс істейтін аналар әлеуметтік төлемнен айырылмайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлеуметтік желілер мен ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер болып қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақылар шартсыз негізде беріледі және алушының кейін жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық көлемде төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, тұрақты жұмысы бар ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем қарастырылған. Оның мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мұндай төлемдерді жұмысқа шыққан кезде тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады.

– Бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер мен паблик әкімшілерін ресми мәлімдемелерді түсіндіруге мұқият қарауға және азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін тақырыптар мен тұжырымдардан аулақ болуға шақырамыз. Азаматтарға тек уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне сүйенуді ұсынамыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей тиісті ведомстволарға жүгінген жөн, – деп қорытындылады Еңбек министрлігінде.

Естеріңізге салайық, сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты қоғамда қызу пікір туындаған болатын. Осы мәселеге қатысты құзырлы орган жауап берген болатын.

Ұқсас жазбалар

WhatsApp арқылы алдаудың жаңа әдісі анықталды

Қазақстанда алаяқтар WhatsApp арқылы алдаудың жаңа тәсілін қолданып жүр. Олар «WhatsApp қауіпсіздік орталығы» атынан хабарлама…

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

Emirates SkyCargo 2026 жылдың 16 маусымында Дубай – Алматы бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін орындады.…

1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көтерме газ бағасы орта есеппен 33 пайызға өседі. Бұл туралы Энергетика…