Шартарап

Елордада Ресей мәдениет күндері өтті: гала-концерт жиналғандарды тамсандырды

Астанада Ресей Федерациясының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Шара аясында өнер шеберлерінің ауқымды гала-концерті өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған бұл іс-шара екі елдің мәдениеті мен өнерін таныстырудың маңызды алаңына айналды. Концертте ресейлік және қазақстандық әртістер бірге өнер көрсетті.

«Мұндай шаралар халықтар арасындағы достықты нығайтып, мәдени алмасуға ықпал етеді», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі.

Мәдениет күндері бағдарламасында тағы бірқатар көрмелер мен шығармашылық кездесулер жоспарланған. Шара бірнеше күнге созылады.

Көп оқылғандар