Categories Қаржы

Елімізде пластикалық ота жасайтын клиникаларға тексеру жүргізіледі

Сурет: magnific.com

Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдан бері министрлік пластикалық хирургия саласында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға 92 жоспардан тыс тексеру жүргізген. Азаматтардың медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты шағымдарының көбеюіне байланысты тексерулердің басым бөлігі 2024 жылы өткен.

Тексеру барысында, әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 24 хаттама толтырылып, жалпы 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сондай-ақ министрлік тарапынан пластикалық операциядан кейін пациенттің қаза болуына байланысты да жоспардан тыс тексерулер жүргізген.

Бұған дейін Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова қайтыс болған еді. Көп ұзамай дәл осындай қайғылы жағдай Маңғыстау облысында да тіркелді. Ақтауда облыстық мәслихат депутаты болған Ербол Айтуов кликалық отадан соң қайтыс болды деген ақпарат тарады. Министрлік жүргізген тексеру нәтижесінде клиникада бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандықтардың орташа табысы 133 мың теңге: ақша қайда жұмсалады?

Қазақстандықтардың орташа табысы 133,3 мың теңге, шығыны 117,6 мың теңге. Негізгі кіріс көзі – еңбек…

Алты өңірде коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға 27,3 млрд теңге бөлінді

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ алты өңір әкімдіктерінің облигацияларын 27,3 млрд теңгеге сатып алып, коммуналдық…

Энергетика министрлігі жанар-жағармай нарығындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Ішкі нарықта 1,1 млн тоннадан астам…