Қаржы

Елімізде азық-түлік өндірісі 4 трлн теңгеге жетті

Сурет: Daily NN

Қазақстанда азық-түлік өндірісінің көлемі артып келеді. Тамақ өнеркәсібі тұрақты оң серпін көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, өсім негізгі азық-түлік өнімдерінің барлық түрі бойынша байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 4 трлн теңгеге жетіп, 8,4 пайызға өскен.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сала жоғары қарқынмен дамып, өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7 пайызға ұлғайған.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі де тұрақты оң динамика көрсетіп, 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 46 пайызға жоғары. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК-тің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 926 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға артты», — деді Азат Сұлтанов.

Көп оқылғандар