Categories Қаржы

Елімізде әр оныншы адам қарызын несиемен жабады — статистика

Сурет: istockphoto.com

Елімізде ең көп несиелік қарыз тұрмыстық техника үшін рәсімделеді. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан отандастардың басым бөлігі осылай мәлімдеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Demoscope мониторингтік бюросының зерттеуіне сүйенсек, тұрғындардың 39,7 пайызында бір ғана несиесі болса, 33 пайызы бірнеше несие төлеп жүр. Ал респонденттердің 27 пайызы қазіргі уақытта ешқандай несие міндеттемесі жоқ екенін айтқан.

Тұрғындардың ең көп рәсімдейтін қарыз түрі – тұтынушылық несие. Қарыз алушылардың 70,4 пайызы осы санаттағы несиеге жүгінген. Сонымен қатар, 45,7 пайызы тауарды бөліп төлеу қызметін пайдаланады.

Респонденттердің 22,1 пайызы туыстары мен достарынан немесе ломбардтан қарыз алғанын айтса, 14,4 пайызы автонесие төлейді. Ал ипотекалық несиесі барлардың үлесі 13 пайызды құрады.

Ұқсас жазбалар

ҰБТ-ның алтыншы аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды

ҰБТ-ның алтыншы аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды. 385 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны…

Ақылы қызметтер енді абоненттің келісімімен ғана қосылады

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді қосымша ақылы…

Колледждерге құжат қабылдау 25 маусымнан басталады

Елімізде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 25 маусымнан басталады.…