Сурет: gov.kz
Еліміздің бірқатар өңірінде егін орағы басталып, бүгінгі күнге дейін 1,6 млн тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдіктерінің деректеріне сүйенсек, жиналған өнімнің 1 067 мың тоннасы – бидай, 456 мың тоннасы – арпа. Сонымен қатар 411 мың тонна көкөніс, 11,5 мың тонна картоп және 228,7 мың тонна бақша дақылдары жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектар, майлы дақылдар – 5,2 млн гектар, мал азықтық дақылдар – 3,0 млн гектар, мақта – 173,6 мың гектар, ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп – 89,9 мың гектар, қант қызылшасы – 23,8 мың гектар.
Бұған дейін Үкімет отырысында елімізде азық-түлік өндірісінің көлемі 4 трлн теңгеге жеткені хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
