Сурет: istockphoto.com
Екібастұзда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті. Оқиға кеше түскі уақытта болған.
Сәби ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеге шығып кеткен.
«Баланың жағдайы өте ауыр. Қазір реанимацияда жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларды терезенің жанында жалғыз қалдырмауға шақырады. Москит торлары қауіпсіздік кепілі емес екенін ескертеді.

