Спорт

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алғаш рет Grand Slam турнирінде топ жарды

Сурет: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Grand Slam турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы алғашқы айналымда чехиялық Петр Младиді иппонмен ұтты. Кейін украиналық Владислав Колобовты екі вазари әдісімен жеңсе, 1/16 финалда грузиялық Заур Двалашвилиді жауырынын жерге тигізді.

Ширек финалда ресейлік Егор Сухопаровтан юко әдісімен басым түскен Жұбаназар, жартылай финалда БАӘ спортшысы Георгий Эльбакиевті екі юко арқылы ұтты.

Финалда ол өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен кездесті. Бұл екеуінің ресми жарыстардағы алғашқы кездесуі еді. Тартысты өткен бәсекеде Абылайхан юко әдісімен есе жарды және басымдылығын сақтап қалды.

Осылайша, ол Grand Slam турнирлеріндегі алғашқы алтын медалін иеленді. Бұл жеңіс Қазақстан қоржынына тағы бір алтын салды.

Көп оқылғандар