Сурет: Ашық дереккөз
Дубай билігі жазғы маусымда туристер ағынын арттыру мақсатында A Dubai Invite атты жаңа туристік науқанды бастады. Бағдарлама бойынша эмират тұрғындары Visit Dubai сайты арқылы достары мен туыстарын, соның ішінде Қазақстаннан да шақыра алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Егер қонақтар 20 шілде мен 31 қазан аралығында келсе, шақырушы тарап жалпы құны 3000 дирхамнан (шамамен 716 еуро) асатын бонустар алады. Осылайша билік маусымаралық кезеңде туристер санын көбейтуді көздейді.
Дубайдың Экономика және туризм департаментінің мәліметінше, жыл сайын Дубайға шамамен 19,5 миллион турист келгенімен, жаз мезгілі дәстүрлі түрде туристік төмен маусым саналады. Бұл уақытта ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілетіндіктен, саяхатшылар саны айтарлықтай азаяды.
Туризм секторын қолдау үшін Дубай билігі бұған дейін бизнеске арналған бірнеше экономикалық қолдау пакетін қабылдап, әуе компаниялары саяхатшыларды сақтандырудың арнайы бағдарламаларын іске қосқан еді. Енді осы шараларға шетелдік туристерді эмиратқа қайта тартуға бағытталған A Dubai Invite бағдарламасы қосылды.
Мазмұнға өту
