Спорт

Дмитрий Панарин Нигериядағы халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Badminton Classics 2026 турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құраманың көшбасшысы жартылай финалға дейін жетті. Жолында ол үндістандық Пранаув Рам Нагалингамды 2:1 есебімен, ал БАӘ өкілі Шашаанк Сей Муннангиді 2:0 есебімен ұтты. Алайда үндістандық Танкара Гнана Дату Таласиладан 1:2 есебімен ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, 26-29 тамыз аралығында өткен жарысқа 24 елден 149 спортшы қатысты.

Көп оқылғандар