Categories Қаржы

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға дәрі-дәрмек сатып алуды мерзімінен бұрын бастады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу науқанын бастады. Биыл бұл науқан алғаш рет 2026 жылғы 1 шілдеде, яғни белгіленген мерзімнен үш ай бұрын басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған сатып алу рәсімдері 22 маусымнан бастап жүргізілуде. Науқанның мерзімінен бұрын басталуы жеткізушілермен келісімшарттарды алдын ала жасасуға, қажетті қорларды қалыптастыруға және медициналық ұйымдарды 2027 жылдың алғашқы күндерінен бастап дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Науқанды іске қосуға дайындық барысында министрлік нормативтік құқықтық базаны өзектендіру, баға белгілеу мәселелерін реттеу және өңірлердің қажеттілігін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін, жеткізу көлемдері мен кестелерін ескере отырып өтінімдерін ұсынды.

2027 жылы 2 174 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жоспарланып отыр. Қаржыландыру көлемінің ұлғаюы азаматтарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясындағы әлеуметтік міндеттемелерді іске асыру аясында мемлекет халықты дәрілік қамтамасыз ету бағдарламаларын қажетті қаржылық ресурстармен жүйелі түрде қамтамасыз етуде.

Сатып алу науқанын мерзімінен бұрын бастау – Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютордың халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі. Қабылданған шаралар жоспарлау сапасын арттыруға, жеткізілімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге және пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудегі үзілістер тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сатып алу науқанының барысы және өзекті ақпаратпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің ресми ақпараттық ресурстарында танысуға болады.

Ұқсас жазбалар

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда басты назар құжаттарды өз бетінше…

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі

Қазақстанда 7 шілдеден бастап барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды. Жүйені толық іске қосу…