Сурет: Ашық дереккөз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалықтардың аптап ыстық кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұзақмерзімді шаралар қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әр елдің төтенше жағдайға қарсы әрекет ету жоспары ерте ескерту жүйесін, осал топтарды қорғауды, шұғыл әрекет ету, еңбекті қорғау және коммуналдық қызметтерді үйлестіруді қамтуы тиіс. Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйелері аптап ыстыққа бейімделіп үлгере алмай отыр.
Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Сарапшылар күннің тым ысуы экономикаға да зиян екенін айтады. 2030 жылға қарай аптап ыстыққа байланысты жалпы ішкі өнім шығыны Францияда 240 млрд, Италияда 147 млрд, ал Германияда 131 млрд долларға жетуі мүмкін.
Мазмұнға өту
