Сурет: Sports.kz
«Бернли» Чемпионшиптің 3-туры аясында «Норвичке» қарсы сырт алаңда өтетін матчқа негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев тұрақты чемпионаттағы алғашқы матчын негізгі құрамда бастайды. Оның ағылшын клубындағы дебюті 23 тамызда Чемпионшиптің 2-туры аясында «Вест Бромвичке» қарсы ойында өтті. Сәтпаев кездесудің 57-минутында алаңға шығып, 33 минут ойнады. Матч «Бернлидің» 1:3 есебімен жеңілуімен аяқталды.
Қазақстандық футболшы ағылшын клубының негізгі құрамында алғаш рет 26 тамызда Англия лигасы кубогының екінші айналымында «Брэдфорд Ситиге» қарсы сырт алаңдағы кездесуде шықты. Ойын негізгі уақытта 0:0 есебімен аяқталып, «Бернли» пенальти сериясында 2:4 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.
Чемпионшиптің екі турынан кейін «Бернли» бір ұпай жинап, турнир кестесінде 17-орында тұр. Ал екі матчта да жеңілген «Норвич» 23-сатыда орналасқан.
