Сурет: istockphoto.com
Қазақстандағы ең ірі зейнетақы жинағының иесінің міндетті зейнетақы шотында 387 547 976 теңге жинақталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
БЖЗҚ-ның 1 маусымдағы мәліметіне сәйкес, ең жоғары жинаққа ие салымшы – 51 бен 60 жас аралығындағы ер адам. Екінші орындағы 61 жастағы салымшының шотында 180 685 003 теңге, ал үшінші орындағы 41-50 жас аралығындағы ер адамның жинағы 151 752 008 теңгені құрайды.
Үздік бестікке екі әйел енген. 51-60 жас аралығындағы әйелдің шотында 125 908 192 теңге болса, 41-50 жас санатындағы әйелдің жинағы 116 722 719 теңгеге жеткен. 61 жастан асқан зейнеткер әйелдер арасында да қомақты жинақ иесі бар – оның шотында 95 721 470 теңге сақталған.
20 жасқа дейінгі салымшылар арасында ең үлкен жинақ қыз балаға тиесілі – 18 596 961 теңге. Осы жас санатындағы ең көп жинаққа ие жігіттің шоты 10 525 874 теңгеге жеткен.
БЖЗҚ мәліметінше, бүгінде елімізде ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан 30 049 салымшы бар. Мұндай салымшылар ең көп тіркелген жас санаты – 41 жас.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі қайта қаралған болатын. Жаңа ережеге сәйкес ең төменгі жеткіліктік шегі 6 670 000 теңгеден басталады.
Мазмұнға өту
