Categories Қаржы

Былтыр әлеуметтік салаға бюджеттен 9,3 трлн теңге бөлінген

Сурет: Ерлан Омар / Egemen.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық орындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет шығыстары 99 пайызға орындалып, 25,5 трлн теңгеге жеткен. Өткен жылы бюджет кірісі 21,4 трлн теңгені құраған.

«Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді», деді ол.

Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінген, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға – 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 339 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Цифрлық теңге мемлекеттік сатып алуларда, инвестициялық жобаларда, субсидиялау…

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды. Құрылысқа 3 млрд теңге жеке инвестиция салынып, 200 медицина қызметкері жұмысқа…

Қазақстан мен Қытай терең өңдеу жобаларын талқылады

Үрімшіде өткен кездесуде Қазақстан мен Қытай көмір химиясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және ветеринария…