Әлем

БҰҰ аптап ыстықтың себебін атады: Эль-Ниньо және адам әрекеті

Сурет: istockphoto.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемнің көптеген аймағында аптап ыстық қазан айына дейін жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымның мәліметінше, экстремалды ауа райының екі негізгі себебі бар: Эль-Ниньо табиғи құбылысының күшеюі және адамның іс-әрекеті, әсіресе қазба отынды өндіру мен жағу.

БҰҰ климаттың өзгеруіне қарсы жүйелі шаралар қабылданбаса, әлемде құрғақшылық, су тасқыны және жойқын нөсерлер жиілей түсетінін ескертті.

Эль-Ниньо – Тынық мұхитының беткі қабатындағы су температурасы қалыпты деңгейден жоғарылайтын табиғи құбылыс. Ол жаһандық климатқа әсер етіп, түрлі өңірлердегі ауа райының күрт өзгеруіне себеп болады.

Маусым-шілде айларында Еуропаның бірнеше елінде ауқымды орман өрттері тіркелсе, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Ауғанстанда болған ірі су тасқындары ондаған адамның өмірін қиды.

Көп оқылғандар