Қаржы

Brent мұнайының бағасы бір жылда 80%-ға өсті

Сурет: istockphoto.com

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы жоғары деңгейде тұр. Қазір бір баррель 114,66 доллардан саудаланып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бір күнде баға 0,99%-ға төмендегенімен, соңғы айда 17,2%-ға, ал бір жылда шамамен 80%-ға өскен.

Уран бағасы да қымбаттады: бір фунты 90,10 доллар, жылдық өсімі 17,17%. Мұнай мен уранның жоғары бағасы Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары үшін қолайлы жағдай туғызады.

Әлемдік қор нарықтарында біркелкі өсім жоқ. Жапонияның JP225 индексі бір күнде 1,61%-ға өссе, Қытайдың CSI 300 және Shanghai индекстері жылдық есепте тиісінше 12,61% және 7,4%-ға төмендеді. Қазақстанның KASE индексі бір күнде 0,38%-ға арзандағанымен, жылдық өсімін 12,94% деңгейінде сақтады.

Криптовалюта нарығында төмендеу жалғасуда: Bitcoin бір жылда 29,46%-ға, Ethereum 42,03%-ға, BNB 32,94%-ға арзандады.

Еске салайық, Біріккен Араб Әмірліктерінің Умм-әл-Кайвайн әмірлігінде танкерден мұнай төгілуіне байланысты барлық жағажайлар мен жағалау аймақтары уақытша жабылды.

Көп оқылғандар